"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Ауданымызда Жаңа жылдық мереке жалғасуда. Дәстүрге сай биыл да мүмкіндігі шектеулі балалар назардан тыс қалмады

Осы орайда аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің «Қош келдің, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық шырша кеші 55 балаға ұйымдастырылды.


Балақайлардың асыға күтетін ең ғажайып мерекесі – Жаңа жыл шыршасына аудан әкімінің орынбасары Аян Халауединұлы арнайы қатысты. Ең алдымен Жаңа жылдық құттықтауын жеткізген Аян Халауединұлы мереке көркі - шыршаны жақты.
Мұнан соң, балғындар аяз ата мен ақша қарды көріп, сыйлық алып қуанышқа бөленді. Осылайша, игі іске бастамашы болған азаматтар қамкөңіл жандардың арман-тілектерін орындауға азда болса үлес қосты. Атап айтсақ, жеке кәсіпкерлер - Джумашев М., Кенжегалиев И., Мамбетов Б., Ибатовтар әулеті, Тулешовтар әулеті, Қ. Сансызбайұлы-« НАМЫС» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Уахитов Е - әскери қызметкер,
Теміржан Е. - « Жас туристер станциясы» КММ әдіскері. Әрине, жылдың ең басты мерекесін бүлдіршіндер асыға тосатыны белгілі. Осы ретте, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары бүгінгі шарада балғындардың қиялына қанат бітіріп, ертегілер әлемінің қаһармандарын сомдап, түрлі ғажайыптарға толы қойылымдар көрсетті. Қуанышқа кенелген балалар салтанатты кеште ризашылықтарын танытып, өздерінің ақжарма тілектерін арнады.
Іс-шараның басты арқауы-мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу.