"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Облыстық «Математикалық регата» турнирі

2019 жылдың 29 қараша  күні Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің базасында,  математиканы оқыту мен жас ұрпақты тәрбиелеудің үздігі Досымғали Қабдешевті еске алуға арналған математика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Математикалық регата» турнирі  өтті.

 

Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау, қолдау, кәсіби шеберлігін таныту, озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, тарату және насихаттау.

 

Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықов, білім беру саласының ардагер ұстаздары мен облыстық және аудандық білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

 

 Байқауға 12 команда, 48 мұғалім қатысып, байқау қорытындылары бойынша:

І орын – Орал қаласы «Архимед» тобы;

ІІ орын –  Шыңғырлау ауданы «Константа» тобы;

ІІ орын -  Бәйтерек ауданы «Аксиома» тобы;

ІІІ орын – Теректі ауданы «Жалын» тобы;

ІІІ орын – Тасқала ауданы «Пифагор» тобы;

ІІІ орын – Ақжайық ауданы «Феномен» тобы;

ІІІ орын – Қаратөбе ауданы «Серпін» тобы иеленді.

 

Байқау қорытындылары бойынша жүлдегерлер грамоталар және дипломдармен  марапатталды.