"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

"Оянда оқыдым, от алдым, Ояным - ой берген Отаным"

"Оянда оқыдым, от алдым, Ояным - ой берген Отаным" тақырыбында, қарашаның 7-і күні "Оян" орта мектебінің 60 жылдық мерей тойы аталып өтті.

Аталмыш шараға осы мектептің алғашқы түлегі, ақын Айтқали Нәріков, танымал әнші Қанатқали Қожақов, ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздар және әр жылдардағы түлектер қатысты. Қонақтар тікелей эфирде жүрекжарды тілектерін білдіріп, мектеп мұражайын аралады. Мектеп ұстаздарының әзірлеген мерекелік концертімен жалғасқан шарада, қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Ұзақ жылдар директорлық қызмет атқарған Нағима Орынғалиқызы мен Бибігүл Кәмешқызына аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Баяндықовтың атынан алғыс хаттар тапсырылды. Аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен Айзада Өмірзаққызы мен Мархабат Закарияқызы марапатталды. Атаулы күнмен тұспа тұс келген мерейтой иелерінің иығына шапан жабылды.
Шараның екінші бөлімі ауыл азаматтарының демеушілігімен мектеп жанынан салынған хоккей алаңының ашылуымен жалғасты. Лента қию рәсімі мектеп түлегі, аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Бақтығалиұлы мен ардагер ұстаз Максим Жардемұлына табысталды. Ауыл азаматы, жеке қожалық иесі Қуанышқалиев Бекеттің демеушілігімен оқушыларға он роликті коньки тапсырылды.
Жүрміз ғой біз қадау-қадау әр жерде
Сарқыты боп өткендердің нар кеуде...
Күмілжімей, асқақтасын үніміз,
Жарайықшы жалынды ұрпақ бар деуге! - деп, Айтқали аға айтқандай, тәлім-тәрбиесі мол шараның ұрпақтар сабақтастығына жалғасын табады деп сенеміз!