"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

«Айқанат-2019» республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі өтті

Олимпиадаға қатысушылар физика, математика, ағылшын тілі, эрудит бағыттары бойынша сынақ тапсыруда. Белгілі бір тақырыпта эссе жазады. Оқу үлгеріміне қарамастан білім сынына бәрі бірдей қатысуда. Алайда, ақтық сынға 9 жылдық білімдерін сынақ кезінде дәлелдеп шыққандар ғана өтеді.

Олимпиада жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсуде үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Білімді оқушылармен екі жыл көлемінде біліктілігі жоғары  ұстаздар жұмыс істейді. Түлектерді  ҰБТ және IELTS емтихандарына тегін даярлайды.

Олимпиаданың берері бар. Айқанат байқауында топ жарғандарға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіндігі беріледі.

Аудан оқушыларына осы білім сынында өз білімдерін дәлелдеп шығуларына сәттілік тілейміз!