"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

Аудан басшысы білім күнімен құттықтады

Жадыраған жаз аяқталып, жаңа оқу жылы да келіп жетті. Бұл мерекені тасқалалықтар да үлкен дайындықпен қарсы алды. Ауданымыздағы барлық мектептерде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Аудан әкімі А.Халелов пен білім бөлімінің басшысы Т.Шәкіров, «Екпін» газетінің бас редакторы Тоқмамбетов Т.Ә., ауыл әкімі Ташимов А.Қ. Достық ауылдық округінде болып, Семиглавый Мар орта мектебінде өткен салтанатты шараға қатысты. Мектеп жанында бөбекжайдың ашылуы салтанатты түрде өткізілді.
Алдымен сөз алған Алдияр Сансызбайұлы ұстаздар мен оқушыларды, сондай-ақ ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
-Ұстаздың орны қай уақытта да ерекше. Президентіміз Қ.Тоқаевтың өзі Нұрсұлтанда өткен тамыз конференциясында ұстаздардың мәртебесі мен олардың балаларға алаңсыз білім беруі үшін жағдай жасау, сондай-ақ еңбекақыларын көтеру, және білім беруге қатысты біраз мәселе көтерді. Бұл өте орынды. Қазіргі таңда аудан орталығында 30 жылға жуық жөндеу көрмеген қос мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл да балалардың алаңсыз білім алып, ұстаздардың білімді шәкірт тәрбиелеуіне үлкен мүмкіндік болмақ,-деді Алдияр Сансызбайұлы.