"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” акциясы

Білім бөлімі аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында 2019 жылғы 1 шілде - 30 қыркүйек аралығында Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясының өтетіндігін хабарлайды.

Жалпы аудан мектептері бойынша 246 аз қамтылған, 135 көпбалалы отбасынан шыққан,  12 қамқоршыда тәрбиеленетін, 18 мүгедек оқушы бар. Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын  беру - әр адамның борышы. Қайырымдылық қасиетті іс болғандықтан әркім өзінің жүрек қалауы бойынша қолынан келген көмегін көрсететініне сенеміз.

 «Мектепке жол» акциясы барысында өткен жылда әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек қолын созып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған демеушілердің арқасында аталған санаттағы 714 балаға 4 млн. астам теңгеге көмек көрсетілді.

 Ағымдағы жылғы акция барысында мектепке арналған киім-кешектерді, кеңсе тауарларын сататын кәсіпкерлердің бағаларды өсірмеуіне бақылау жасайды және алыс елді-мекендерге арнайы «Мектеп жәрмеңкесін» ұйымдастырады деген сенімдеміз.

 Сонымен қатар, «Тәуекел тобындағы», тәрбиесі «қиын» мектеп жасындағы балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында үйлерді аралау жұмыстарын, рейдтік шаралар ұйымдастыруға аса көңіл бөлуді сұраймыз.

 Акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы  қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең  ұрпақты  адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек  және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады.

 Барлығыңызды қолдауды қажет ететін балаларға киіммен, аяқкиіммен, мектеп құрал‑жабдықтарымен және тағы басқалай қайрымдылық көрсетулеріңізді сұраймыз!