"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

«Эксперименттік және инновациялық алаңшалар қызметі» тақырыбында облыстық көшпелі әдістемелік кеңес

2019ж 7 маусым күні Тасқала ауданы, Тасқала ауылы «Самғау» коворкинг орталығында  «Эксперименттік және инновациялық алаңшалар қызметі» тақырыбында облыстық көшпелі әдістемелік кеңес өтті.

Алғы сөз алған әдістемелік кеңес төрайымы, облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Г.Кубашева және Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы Т. Шакиров кеңес мүшелерінің  жұмысына сәттілік тіледі. Кеңес барысында Тасқала ауданы орталығындағы Қ.Сәтбаев және С.Жақсығұлов мектептеріндегі «Агросынып» облыстық экспериментінің жүзеге асырылу барысы туралы С.Жаксығұлов атындағы ОМ мектеп директоры А. Касымова атқарылған шаралары мен 10-11 –сыныптарда эксперименттің жалғастырылатыны туралы айтып өтті.  ОӘК мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш білім беру және ШЖМ бөлімінің басшысы С.Алимбаева «Бәрін білгім келеді» облыстық экспериментінің жүзеге асырылуы жайын, артықшылығын айта отырып, бұл экспериментті аудандар да қолға алуы керектігін тілге тиек етті. «Қолданбалы бакалавриат» экспериментінің жүзеге асырылу жайын баяндаған Ж.Досмұхаметов атындағы педагогикалық колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары З.Кошанова экспериментті дамыту бағытында жұмыстардың жүзеге асатындығын баяндады. «Жетекші мектеп : орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ортасын дамыту факторы» тақырыбында сөз алған ОӘК әдіскері А.Амангалиева жетекші мектептердің жұмыс барысына тоқталды. Кеңес соңында мүшелер өзара  пікіралмасып, кеңес ұсынбалары талқыланды. Келген қонақтарға рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мәдени ойын-сауық орталығында рухани жаңғыру залына және балалардың мектептен тыс жұмыс орталығына саяхат ұйымдастырылды.