"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

Ауданымызда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні барлық сән-салтанатымен аталып өтті.

Халқымыз «Бала – бауыр етің» деп бекер айтпаған.

Кейінгі ұрпағына ұлағатты із қалдыруды мұрат еткен ұлтымыздың болмысында бөбекке деген мейірімділіктің орны бөлек. Бүгінгі мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Осыған орай, аудандық білім бөлімі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Жастар" алаңында кішкентай бөбектерге арналған үлкен шара болып өтті. Игілікті шараға қатысуға келген бүлдіршіндердің қарасы мол. Бір тарапта балалар тегін ұйымдастырылған батуттарда ойнап жүрсе, келесі сахна алдында бүлдіршіндер өздеріне арналған аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен қызықты концертті тамашалады. Екінші лекте – ұлттық ойындардың бәсекесі өтуде. Ұлттық киім киген жас өрендердің өнерлері де ешкімді бей-жай қалдырмайды. Қайда бұрылсаң да, балалардың шат күлкісі алаң ішін нұрға толтырып, ғажайып күйге бөледі. Шара соңында балдырғандарға тегін балмұздақ таратылып, аудандық балалармен мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен өткен "Жас ана" арбалар безендіру байқауының жеңімпаздарын марапаттады.