"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

"Бағдарламалау тілі" олимпиадасы

Бүгін, ақпанның 18 күні "Сәулет" МЛ базасында аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдерінің арасында "Бағдарламалау тілі" бойынша олимпиада оздырылды. Информатика пәні мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу, олимпиадаға әзірлене отырып, мектептен республикалық, халықаралық деңгейге шығуға көмектесу, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау және қолдау көрсету мақсатында өткен бұл олимпиадаға аудан мектептерінен 9 мұғалім қатысып, өз білімдерін сынады. Нәтижесінде, С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ мұғалімі Ю.А. Зулкашева І орын, "Сәулет" МЛ мұғалімі А.Д. Зайтукова ІІ орын, ЖОББ Амангелді МБК мұғалімі Б.Б. Досанова ІІІ орынға ие болып, аудандық білім бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.