"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

Қызыққа толы саяхат

Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні ауданымыздың толық емес, аз қамтылған отбасыларының және девиантты мінез-құлықты оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері тарапынан Орал қаласына бір күндік саяхат ұйымдастырылды. Саяхат басын оқушылар Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының жұмысы мен орталықтың ақын атындағы музеймен танысты. Сонымен қатар аталған орталықта жүзеге асырылып жатқан қолөнер бұйымдарының көрмесіне шолу жасады. Сапар легі Орал қаласының CITY ЦЕНТР ойын-сауық орталығындағы  кинотеатрдан «Лего» атты киноны тамашалаумен және облыстық экологиялық және биологиялық орталық жанындағы жануарлар саябағын аралаумен жалғасты. Сапар соңы облыстық «Рухани жаңғыру» музейін аралаумен, тарихи-танымдық деректерді танып-білумен аяқталды. Аудан орталығынан тысқары шығып, серпіліске толы сәттерін оқушылар зор қуанышпен жеткізіп, әсерлерімен бөлісіп келді.