"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

ІТ сынып ашылды

2 қараша күні «Сәулет» мектеп-лицейінің базасында «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы партияның бастамашыл цифрландыру жобалары шеңберінде «Сәулет» мектеп-лицейінен ІТ сыныбы ашылды.

ІТ сыныбы 11 компьютер, 3D принтер, т.б. құралдармен жабдықталды. Бұл сыныпта жылына 200 оқушы қамтылады, (5-10 сыныптар). Оқушылар бағдарламалау, Робот техникасы, 3D модельдеу бағыттары бойынша білім алып, Web сайттар ашып, жеке жобалар жасап үйренеді. Үздіктері республикалық, халықаралық ІТ-стартаптарға қатысып, тың идеяларын дамытуға мүмкіндік алады.

Ашылу салтанатынан кейін, It технология бойынша Бағдарламалау тілі факультативінен  «Scratch» бағдарламалау тілі тақырыбында сабақ өтті.  Сабақты өткізген информатика пәні мұғалімі А.Д.Зайтукова. Сабақтың мақсаты оқушылардың логикалық, шығармашылық ойларын дамыту, дұрыс бағдарлама құра алу.

Сабақ басында мұғалім оқушылардың зейінін шоғырландыру әдісі аясында оқушылар компьютер құрылғыларының суреттерін таңдап, олардың қасиеттерін атап өтті.

Сабақ барысында мұғалім оқушыларға «Scratch» бағдарламалау тілі тақырыбы аясында әр түрлі сұрақтар қойып,  оқушыларға «Себетке түскен алма» атты тақырыбында бағдарлама құрғызды. Құру кезінде оқушылар  қозғалыс, дыбыс, қылқалам, оператор,сенсорлар блогын пайдаланды.