"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі

1 маусым күні аудан олрталығының Абай алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне «Бала-бақыт бастауы» тақырыбында өнерпаз балалардың шеруі өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары  Л. Жұбанышкалиева бүлдіршіндерді құттықтап сөз сөйлеп, әрі қарай өнерпаз балалардың шеруімен жалғасын тапты. Шеруді алдымен балабақша түлектері бастады. Одан кейін барабаншылар, жасұландықтар, спортшылар, жас қозғалыс инспекторлары, 4–сынып түлектері, флейташылар мен скрипкашылар ансамблі, бишілер ансамбльдері және 100 оқушыдан құралған домбырашылар Жастар биі және Балбырауын күйлерімен шеруді қорытындылады.

Білім беру ұйымдарында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға демеушілік тарапынан сыйлықтар беріліп, тәтті үстел ұйымдастырылды.

Мектеп лагерлерінде «Алға, жас толағай!» спорттық ойындар сайысы ұйымдастырылды. 2 маусым күні көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мир» кинотеатрында мультфильмдер жинағы көрсетіледі.