"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Балабақшадағы тәжірибе алмасу

«Бөбек» балабақшасында 2017 жылдың 17 қарашасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды логикалық ойындар арқылы қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар –практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ашу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бағытында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне практикалық көмек көрсету.

Семинарға облыстық оқу –әдістемелік кабинетінің әдіскері Д.Т.Кудашева және аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, жалпы алғанда 70 –ке жуық педагогтар қатысты.

Семинарды «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі С.Е.Жанжигитова ашып, бағдарламамен таныстырып өтті. Одан әрі балабақша тәрбиеленушілері «Біз балдырған баламыз» атты сазды сәлемдерін жолдады. Одан кейін сөз алған облыстық оқу –әдістемелік кабинетінің әдіскеріД.Т. Кудашева жүрекжарды ақ тілегін айтып, сәттілік тіледі.

Семинар әрі қарай педагогтардың өзара тәжірибе алмасу мен шебер сыныптар алаңдарында өрбіді. Бұл ретте балалармен жеке жұмыс, коммуникация, таным, шығармашылық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері көрсетілді. Ал шеберлік сынып аясында педагогтар өзара тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды. Осындай шаралар педагогтардың біліктілігін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуларына көп көмек береді.