"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

«Қауіпсіз жол-Безопасная дорога»

Білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз жол – Безопасная дорога» жобасын іске асыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылды.

Барлық мектептерде «Қауіпсіз жол-Безопасная дорога» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында бастауыш сынып оқушыларына «Жол ережелерін сақтайық» тақырыбында тәлімгерлер тәрбиелік сабақтар өткізді. Барлығы 565 оқушы. Сабақ барысында оқушыларға жол жүру ережелері туралы ақпарат берілді, бағдаршам туралы түсіндірілді , жол торабында кездесетін қауіптер туралы айтылды және әр оқушының жолда жүру тәртібін сақтау жауапкершілігі туралы түсіндірілді.Бұл сабаққа мектептегі ЖҚИ жасағының мүшелері өз үлестерін қосып, көрнекіліктер арқылы оқушылармен «сұрақ-жауап» ойынын өткізді.Оқушыларға «Жолдос спешит на помощь»атты анимациялық фильм көрсетіліп, жол ережелерін сақтау, жол қозғалысында қатер төніп, көмекке мұқтаж адамдарға алғашқы көмек көрсету маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушыларымен учаскелік инспекторлар, АӘД пәні мұғалімдері және мектеп тәлімгерлері жол тәртібін сақтау, жол қауіпсіздігін сақтау туралы кеңестер берді, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ауыл, қала көшелерінде ережелерді сақтап, өміріңе қауіп төнгізбей, тәртіпті азамат болуға шақырды. Барлығы 670 оқушы.

Мектептерде жол қауіпсіздігіне арналған стендтер бар. Бұл ақпараттық стенд арқылы оқушыларға, ата-аналарға қауіпсіздік ережелері туралы мәлімет беріледі, ережелер назарларына ұсынылады. Жол ережелерін сақтау мақсатында сонымен қатар мектептерде ЖҚИ тобының жұмысы жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» жобасы аясында сынып жетекшілер 2017 жылдың 29 тамызында шыққан 2017-2018 оқу жылына арналған әдістемелік - нұсқау хатта берілген 5-8-сыныптарға арналған «Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспарын өздерінің жұмыс жоспарларына қосып, жоспарлы жұмыстарын атқарып отырады.