"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты шараның өткізілуі туралы ақпарат

Тасқала аудандық білім беру ұйымдарында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді. Оған 11-сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Шараның мақсаты – латын әліпбиіне көшу туралы көпшіліктің пікірлерін анықтай отырып, қазақ әліпбиінің тарихын әңгімелеп, бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу өркениетті шешім екенін ұғындыру болды.

Дөңгелек үстелге қатысқандардың бәрі де латын әліпбиіне көшу туралы шешімді толық қолдайтындарын білдірді. Қатысушылардың ойы «бұл болашаққа батыл қадам, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының ел болашағы үшін жасаған ғылыми маңызды шарасы, латын әліпбиі бізге таңсық еместігі, ол біздің қоғамға еніп кеткені, латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіруі деп түсіну керек» деген пікірлерге келді.