"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Жетекші мектептердің ағылшын тілі пәні бойынша оқу семинарлары туралы есебі

 ЖОББ  Қ.Сәтбаев атындағы мектебінде 03 қараша күні ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің  «Жаңартылған білім мазмұнына сай сабақ үрдісін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында оқу семинары өтілді. Семинардың мақсат-міндеттері пән мұғалімдеріне  топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырудың жолдарын көрсету  және бағалау процесін жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерімен іс-тәжірибе алмасу болды.

Семинар жоспарына сай қатысушылармен  «Мен ғажайыппын» тренингі өткізілді.  Семинарға қатысушылар туралы көбірек мағлұмат алу және алда өтілетін жұмыстарды жоспарлау мақсатында «Сенімді қарым-қатынас» айдарымен сауалнама алынды.

«Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары, қойылатын талаптар» тақырыбында  ЖОББ Ы.Алтынсарин атындағы мектебінен І санатты, І деңгейлік курсын тамамдаған ағылшын тілі мұғалімі Суюнгалиева А.Ж. коучинг өткізіп,  пән мұғалімдеріне  топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырудың жолдарын көрсетті.

«Бағалау процесін жүзеге асырудың  әдіс-тәсілдері» бойынша «Сәулет» мектеп лицейінен жоғары санатты,  І деңгейлік курсын тамамдаған ағылшын тілі мұғалімі Есеркенова С.Т. шебер сынып өткізді.

Пән мұғалімдерінен семинардан алған көмек деңгейін анықтау мақсатында  «Үш (М) мәселе және бір Ә (әрекет)» кері байланысы жасалып, ұйымдастырылған семинардың мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсете алғандығы аталып өтті.

Алда өтілетін жұмыстарды жоспарлау мақсатында деңгейлік курстарынан өткен және тәжірибелі ұстаздардан құралған «Фокус топ» мүшелері сайланды.

Семинарға қатысушылардан алынған сауалнама нәтижесіне орай алға жоспар құрылды. Қаңтар айында өтілетін кезекті отырыста «ҚМЖ құруға қойылатын талаптар және құру жолдары» тақырыбында практикалық семинар оздыру ұйғарылды.