"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

Есеп өзін-өзі тану

"Өзін-өзі тану пәні" бойынша жетекші мектептердің қорытынды есебі

"Өзін-өзі тану" пәні арқылы жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашу, заманауи білім мен ішкі рухани адамгершілік қсаиеттерді біріктіруге арналған іс- тәжірибемен бөлісу. Семинарға  ЖОББ Шипов орта мектебінен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Заитова Айымжан Алтаевна, ЖББ Крутой негізгі мектебінен Мухамбеталиева Эльвира Зайдуллаевна,  ЖОББ Семиглавый Мар мектебінен Хамитова Н.Г, Ақтау ЖББО  МБ Исмагулова Гульзия Т және аудандық өзін-өзі тану пәнінің әдіскері Аякөз Маулетқызы Галиева келіп ат салысты. ЖОББ Қ.И.Сәтбаев мектебінің мектеп психологы Асия Уалиевна Джусупкалиева 7 а сыныбна  2 сабақ  "Адам бақыты"атты  ашық сабақ  өткізді. Сабақ тиісті деңгейді қызық ты өтті. Қатысушылардың көңілдерінен шықты. Самал Галимовна Жанаева  "Өзін-өзі тану" пәнін оқуытудағы ерекшеліктер туралы баяндамасын оқып берді. Мұғалімдер баяндама бойынша түрлі сұрақтарға жауап алды. Айсауле Серікқызы Тасмагамбетова әр түрлі тернингтер ұйымдастырды. 1- ші "Танысу" тернингі топпен ұйымдастырылса, 2 тренинг "Түлкі -күлкі" деп аталады. Онда мұғалімдерге шарлар беріліп солдан онға қарай түлкінің суретімен күлкілі смайликтік суреті беріледі мұғалімдер қызығушылықпен ат салысты.

3 тренинг "Сағат" деп аталады. Мұнда яғни сағаттың тілінде тапсырмалар жазылып тұрады соны  орындау керек.4 тренинг "Өз отбасымыз гүл арқылы "бейнелеу . Мұнда ұстаздар ата-анасын жолдасын, ұл-қыздарын, гүлге теңеп сурет салады.Әр гүлге мінездеме береді.Осындай түрлі түрлі ойындар ұйымдастырылды. Семинар өте қызықты өтті. Келген мұғалімдер өздеріне көп мәлімет алып, тәжірибелерімен бөлісті.Семинар соңы кофе брэк ұласып қорытындыланды.

 

"Өзін-өзі тану пәні" бойынша жетекші мектептердің қорытынды есебі

Тақырыбы: Рухани адамгершілік тәрбие мен білімнің "Өзін-өзі тану" пәні арқылы жүзеге асырлыуы.

Мақсаты:"Өзін-өзі тану"пәні арқылы рухани-адамгершілік құндылықтардың мәнін ашу, заманауи білім мен ішкі рухани-адамгершілік қасиеттерді біріктіруге арналған іс-тәжірибемен бөлісу.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша 5-7 сыныптарда жоба дайындау жұмысын ұйымдастыру тақырыбында баяндаманы Заитова А.А. Шипов орта мектебінің таныстырса, "Өзін-өзі тану"пәні баланың рухани әлемін байыту көзі атты баяндаманы Совхоз орта мектебінің мұғалімі Мухамбетова А.И. баяндап берді. Баяндама өзін-өзі тану пәнінің ерекшелігі мен рухани әлемді байытатын пән ретінде қарастырылды. Саулет МЛ мұғалімі 8 сынапқа арналған "Өнер - өмір өрнегі" атты сабағын өткізді. Оқушыларды жүрекшелер арқылы топқа бөлді.Тыныштық сәтін өткізді. Сонан соң үй тапсырмасын сұрап, жаңа тақырыпты

 меңгертті. Мұғалімнің сыйына Януш туралы аңыз айтты.Шығармашылық тапсырмалар берілді үш топқа 1 топ- шыншылдық тақырыбына эссе жазса, 2 топ- кешіорімділік туралы көрініс көрсетті, ал 3 топ- суйіспеншілік тақырыбына  5 жол өлең құрастырды. Топпен бәріміз "жақсы адамдар" әнін орындадық.Сабақ жақсы дәреже де өтті. Жалпы семинар жақсы өтілді. Бір - бірімізден тәжірибе алып, жаңа ақпарат алдық. Ұсыныныс: алдағы уақытта баяндама емес коучинг түрінде топпен талдау өткізейік деген ұсыныстар айтылды.

 

 

                        Өзін-өзі тану пәнінің мұғалі мі :А.С.Тасмагамбетова