"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің бастауыш сыныптар бойынша оқыту семинарының қорытындысы

Мақсаты: Жаратылыстану, математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін үйрету, зерделеуге бағыттау.

ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектеп базасында 3 қараша күні «Жаратылыстану,математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін үйрену, зерделеуге бағытталған тапсырмалар» тақырыбында семинар оздырылды.

Семинарға магнитті мектептерден 23 мұғалім, АББ әдіскері Г.М.Даулетова қатысты.

Семинарды Вавилин бастауыш мектебінің мұғалімі Э.Б. Гумарова «Музыкалық мозаика»тренингімен бастап, бағдарламада жоспарланған мультимедиялық презентация «Математика сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру» (Балмулдина Д.К. ЖОББ Семиглавый Мар мектебі), шеберлік сынып «9-ға көбейту және бөлу» (Ирменова А.М. ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектебі), тәжірибе алаңы «Жаратылыстану сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар» (Асанова А.Н.Кузнецова НМ), кері байланыс «Борт журналы» (Габдуллина К.Б Крутой НМ) тапсырмалары орындалды.