"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

«Жас турист» шатырлы лагерь І кезең бойынша мәтіндік есебі

«Жас турист» шатырлы лагерінің жоспар бойынша І кезең 25 шілде – 29 шілде аралығын қамтыды. «Жас турист» шатырлы лагерь бала саны 38 оқушыны қамтыды.
«Жас турист» шатырлы лагерьдің мақсаты: Жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, туризм негіздерін үйрету,патриоттық тәрбиелеу және салауатты өмір қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Жас турист» шатырлы лагерінде 7 мектеп қатысты.Ы.Алтынсарин ат ЖОББМ,Кузнецов,ЖББ Совхоз МБ,ЖББ Амангелді МБ,ЖББ Ақтау ОМ,ЖББ Оян МБ,ЖББ Семиглавый Мар ОМ.
25 шілде күні оқушылардың келуі(тіркелуі,отрядтарға бөлінуі,орналасуы).Балалардың бір-бірімен танысуы,тізімін жасау,өмір қауіпсіздік ережелерімен нұсқаулық беру.
1.Суға жүзу қауіпсіздігі,өрт қауіпсіздігі,табиғатта қорғау,жаттығу кезінде дистанцияғадағы жұмыс.Оқушылар арасында психологиялық тренингі ұйымдастырылды және шатырлы лагерьдің ашылу салтанатына дайындық басталды. Кешке  «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» атты спорттық шара өткізілді.
26 шілде күні. Таңғы 8 де ұйқыдан тұрып таңғы жаттығу жасады.Жаттығудан кейін таңғы ас ішіп кезекті Жетекшілер және «Жас турист» шатырлы лагерь демалушылары  қосылып футбол ойыны өтті.Футбол ойыны ойынап болғанан кейін түскі ас ішіп ұйығыға жатты.Түскі демалыстан соң, балалар суға шомылды.  «Демаламыз, күлеміз» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, лагердің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Қош келдің жас турист»  атты лагердің ашылу салтанаты болды.Ашылу салтанатында «Жас туристер» станциясының директоры М.С. Дюсенбеев және «Жас турист» шатырлы лагерь басшысы А.А.Андамасова сөз сөйлеп оқушыларға сәттілік тіледі. «Жас турист» шатырлы  лагерьдегі өнерлі балалар өздерінің өнерлерімен салтанаттың сәнін келтірді.  Бірі ән айтса, енді бірі билеп, көркем сөз де оқылды.  Қазақтың қара домбырасының әсем үні де құлақтың құрышын қандырды. Ашылу салтанатынан соң кешкі шара өткізілді онда «Көңілді старт», атты көңілді ойындар өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. 

27 шілде күні.Таңғы 8 де ұйқыдан тұрып таңғы жаттығу жасады.Жаттығудан кейін таңғы ас ішіп кезекті Оқушылар арасында «Лабиринт» қашықтығы бойынша жарыс өткізілді.Ұлдар арасында І орынды ЖББ Ақтау МБ Сырым Аян иеленсе,ІІ орынды ЖОББ Оян МБ Мақатов Жүсіпбек және ІІІ орынды ЖББ Совхоз МБ Умаров Алтынбек қанжығасына байлады. Қыздар арасында І орынды  Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ Андамасова Әдемі иеленсе, ІІ орынды ЖББ Оян МБ Серік Салтанат және ІІІ орынды ЖББ Ақтау МБ Нажимова Айжамал иеленді.Оқушылар дипломмен алғыс хаттармен марапатталды.
28 шілде күні таңғы 8 де ұйқыдан тұрып таңғы жаттығу жасады.Жаттығудан кейін таңғы ас ішіп кезекті туризм негіздерін үйреттік.Түскі астан кейін «Өткел» қашықтығынан І орынды ЖББ Совхоз МБ иеленсе,ІІ орынды Ы.Алтынсарин ат ЖОББМ және ІІІ орынды ЖББ Амангелді МБ иеленді.Шаршағандар көрсетпей Кешке «Қызыл ту»  ойынынынан лагерь біріншілігі өткізіліп, ойынға барлығы 4 команда қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен марапатталды. Ойыннан жақсы көңіл күймен шыққан балалар би кешіне қатысты.
29 шілде күні  таңғы 8 де ұйқыдан тұрып таңғы жаттығу жасады.Жаттығудан кейін таңғы ас ішіп, Қош бол,Жас турист шатырлы лагерь атты лагерьдің жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада әсем ән мен тәтті күй, мың бұрала билеген би, келген қонақтарды ерекше күйге бөлендірді. Көрерменнің қошеметіне бөленген шатырлы лагерьдің жабылу салтанатын жоғары деңгейде алып шықты.

Лагерьдің жабылу салтанаты біткеннен кейін, балаларға өз үйлеріне жиналап қоштастық.

 

Тасқала ауданын жас туристер станциясының директоры Дүйсенбиев М.С.