"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»  Ұлттық ақпараттық науқаны

2017 жылғы 1-12 маусым аралығында мектептерде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн»  Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілді. Аталған науқан «Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз» ұранымен өтті. 

Ұлттық ақпараттық науқан мақсаты - бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамды ақпараттандыру болып табылады.

Жазғы демалыс басталғалы мектеп мұғалімдері, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысуымен ауыл аумағында «Түнгі қаладағы балалар» және «Балалардың еңбегін қорғау» жедел алдын алу рейдтері жүйелі түрде өткізілді. Балалар еңбегін қанаудың алдын алу, қаңғыбастыққа құқыққа қайшы әрекеттер жасауға бейім, кәмелетке толмағандарды уақытында анықтау, түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу мақсатында 2017 жылдың 1-12 маусым аралықтары  «Түнгі қаладағы балалар» рейді өткізіліп, қоғамдық орындар, фермер шаруашылықтары, вокзал, көңіл көтеретін орындар (мәдениет үйі,кафе, саябақ, ойын алаңдары) тексеріледі. Барлығы – 139 рейд. Бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тартылу проблемалары анықталған жоқ.

Балалардың заңды мүдделерін  қорғау мақсатында «Бала еңбегі тоқтатылсын!» тақырыптарында  флеш-мобтар,  Бақытты балалық шақ» атты сурет байқаулары, «Нұрлы болашақ – балалар көзімен» тақырыптарында шығармалар байқауы, «Біз көңілді баламыз» спорттық ойындар, «Біз Қазақстан болашағымыз» тақырыбында шығармалар байқауы, дебаттық турнирлер, «Балалық шақтың бал күні» тақырыбында сурет көрмелері ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары арасында балалар еңбегі мәселесі бойынша хабардар екендігін анықтау мақсатында   «Жұмыс ұсынған кезде сенің әрекеттерің» атты тренинг, «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы – балалар құқығын қорғау кепілі» атты  кәмелетке толмағандардың ата-аналарына өз балаларының еңбегіне қарсы «Бала құқығы туралы», ҚР ӘҚБтК және «Еңбек» Кодексінде көрсетілген заңнамалар аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың еңбегіне қатысты құқықтарын қорғау мақсатымен оқушыларды жазғы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында барлық ата-аналармен консультациялық кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық науқан кезеңінде 1-12 маусым аралығында «Сенім телефон» қызметіне балалар еңбегін қанау туралы фактілер бойынша мәліметтер түскен жоқ.