"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

Рухани адамгершілік құндылықтар, балаларға тәрбие беруде ата-ананың ролі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу

Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Демек, отбасы - адам өмірінде, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Адамгершілік  сезімді, ұлттық сананы, отбасылық қатынастарды қалыптастырып, жетілдіруде мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызы зор. Осы орайда білім беру ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізіліп, жұмыстар атқарылды. Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында 5 - 11 қыркүйек аралығында мектептерде  «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық ұйымдастырылды. Акция барысында 8 ғылыми – тәжірибелік конференциялар, 11 кездесулер, 13 дөңгелек үстел өткізілді. Барлық білім беру мекемелерінде 4-сыныптар арасында ата-аналармен бірлескен «Біз спортшы отбасы» спорттық сайысы өткізілді. Барлығы 98 оқушы, 196 ата-ана қатысты. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Менің отбасым» жас ақындар сайысы өткізілді. Барлығы 82 оқушы қатысты. Педагог-психологтардың ұйымдастыруымен 4-11 сынып оқушыларына «Отбасынан қымбат не болуы мүмкін!» тақырыбына тренингтер өткізіліп, психологиялық кеңестер берілді. Барлығы 763 оқушы қатыстырылды. Технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2-4 сынып оқушыларына «Әжем, атам қасында...» суреттер көрмесі өткізілді. Барлығы 323 оқушы қатысты. «Асыл әжем – ғасыр әжем» тақырыбында әжелермен кездесулер өткізілді.  Аудан орталығындағы мектептер  «Ақтілеу» әжелер ансамбілінің мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. Бұл шараға мектептерден зейнеткер ұстаздар да қатысты. Оқушылар әжелеріне сұрақтар қойып,өз өнерлерін тарту етті. «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушы әкелер қазіргі қоғамдағы әкенің рөлі туралы ой бөлісті. Бейнеролик тамашалап, берілген сұрақтарға жауап беріп, бала тәрбиесіне қатысты толғандырып жүрген ойларын ортаға салды. Барлығы  234 әке қатыстырылды. Биылғы оқу жылында отбасы-бала-ұстаз арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында мұғалім, оқушы, ата-аналар арасында  жұп құрылып «Екі жұлдыз» байқауы ұйымдастырылды. Шараға барлығы 45 оқушы, 45 ата-ана, 45 ұстаз қатысты. Жылма-жыл «Мен және менің отбасым» атты бастауыш және орта буын оқушылары мен ата-аналары арасында отбасылық толағай өткізіледі.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту, оқушылардың

бойына адамгершілік, имандылық  қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету және отбасылық қарым-қатынасты нығайту мақсатында  наурыз айында «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» IІ аудандық  сайысы ұйымдастырылды. Барлығы 12 мектептен жеңге мен қайыңсіңлі қатысып, бас жүлдені Амангелді ОМБ иеленді.
Оқушылардың бойында рухани адамгершілік сезімдерін қалыптастыру және  мейірімді істерге балалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында 2017жылдың  қаңтар- маусым айлары аралығында Қазақстан- мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы бойынша іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылуда. Барлығы 27 іс-шара жоспарланып, соның 18 шарасы өткізілді және жалғасын табуда.
Қоғамда рухани-адамгершілік тәрбие беру үдерісінде ұлттық және әлемдік деңгейдегі құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, жеке тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды қалыптастырып, дамытудың мәні зор. Себебі адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ғана ардақталады. Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісінің басты мақсаты - ақылды да әдепті, жан-жақты жетілген, адамгершілігі мол жас ұрпақ өкілдерін тәрбиелеу болып табылады.

 

Білім бөлімінің басшысы А.Нарымбаев