"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

Елбасының  Жолдауы аясында мектептерде білім беру сапасын көтеру, білім беруді жаңғырту жұмыстарының жүргізілуі

12 жылдық білім беруге байланысты жүргізілген шаралар
Білім саласындағы өзекті мәселеленің бірі-бұл жаңартылған білім беру мазмұны. Қазіргі таңда 2016-2017 оқу жылында 1-сыныпқа сабақ беретін 115 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны (бастауыш білім, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі, музыка, көркем өнер) бойынша білім жетілдіру курсынан өтті. Педагогтердің ақпараттық-коммуникативтік құралдарды оқу үрдісінде тиімді қолдану біліктіліктерін арттыру мақсатында ауданның 1-сыныпқа сабақ беретін 22 бастауыш сынып мұғалімі «Activ Inspire» бағдарламасының қысқаша курсын және 9 мұғалім білім мазмұнын жаңарту бағытында «Робототехника» курсын оқып сертификатталды.
Сонымен қатар, ата-аналарға «Үш тілдік оқыту-заман талабы», «Жаңаша оқытудағы әдістер», «Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі» тақырыптарында   коучингтер өткізілді.  
Оқушылардың білім сапасын арттыру және мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында облыстық физика, математика пәндерінен «Зерде», гуманитарлық пәндерден «Лингвист» озат тәжірибе алмасу және «Пифагор» физика-математика  мектебінің аудандық филиалы жұмыс жасап, оқыту семинарлары және физика, математика пәндерінен 9,11-сынып оқушыларына Қ.Сәтбаев атындағы ОМ, «Сәулет» МЛ базасында консультация-сабақтар өткізілді.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде ҚР БжҒМ педагог кадрларды даярлау жоспарына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ББДҰ Педагогикалық шеберлік орталығында аудан мектептерінен көшбасшы  педагогтер мектеп тренерлері курсынан (15 мектеп), мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары критериалды бағалау бойынша  курстан (15 мектеп) , мектеп басшылары (15 мектеп) білім мазмұнын жаңарту бойынша бір апталық курстан өтті.

Үштілде білім беру:
Қазіргі таңда елімізде қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеруін көздейтін үштілділік саясаттың жүзеге асуына байланысты осы оқу жылында  физика, химия, биология, информатика пәні бойынша 22 мұғалім ағылшын тілі курсынан өтті.
Үштілде білім беру жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктерін қалыптастыруда  қыркүйек айынан бастап, аптасына бір рет мұғалімдерге  ағылшын тілін үйрету сабағырын ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері ұйымдастырып жүргізуде.        Сонымен қатар, ата-аналар қауымына ағылшын тілін үйрету аудан мектептерінде жүзеге асуда.

Жаңа форматты емтихан
2016-2017 оқу жылында 11 сынып оқушылары үшін қорытынды емтиханның формасы өзгертілді. Емтихан екі кезеңде өтеді: біріншісі мектепте тапсырады-қорытынды аттестаттау, екіншісі-жаңа форматты ҰБТ.
Қазан айынының басында «Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және жоғарғы орындарына түсу емтихандары ережелерінің жаңа жобасымен», тестілеу балдарының шәкілімен оқушылар мен ата-аналар таныстырылды.
Мектептің  жұмыс жоспарына сай мектепішілік кыркүйек айынан бастап күні бүгінге дейін қорытынды аттестаттауға оқушыларды «Ана тілі мен әдебиет», «Алгебра және анализ бастамалары», «Қазақстан тарихы», «Орыс тілі», таңдау пәндері бойынша «Химия,» «Биология», «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша пән мұғалімдері   дайындык жұмыстарын жүргізуде.  Ай соңында әр пән мұғалімі дайын ресурс-тапсырмалар болмағандықтан өздері дайындап тексеру жұмыстарын өткізеді. Қорытындылары талданып  ұсыныстар беріліп қатемен жұмыстанады.
Оқушылар қорытынды аттестаттаудың жаңа форматына  бейімделуде. Кесте бойынша дайындық сабақтарына, қосымша сабақтарына жүйелі түрде қатысады. Мектепте психологтар үнемі оқушыларды қолдап, психологиялық тренингтер ұйымдастырады. Ата-аналарымен кездесіп сұхбаттасады. Дұрыс алдына мақсат қоюда оқушыларға «Қорытынды атесттатауға даярлауда нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу және функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Коучинг оқушылар үшін тиімді болды, себебі, жайлы жағдайда оқушылар бір-бірін тыңдап, өздеріне талдау жасауды үйренді, алдарына қолжетімді, нақты мақсат қоюды үйренді.