"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

 

окно

Мемлекеттік қызметтер сапасын, қолжетімділігін арттыру және электрондық түрде көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту мақсатында құқықтық оқытудың ХАТТАМАСЫ

Мемлекеттік қызметтер сапасын, қолжетімділігін арттыру және электрондық түрде көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту мақсатында құқықтық оқытудың

ХАТТАМАСЫ

 

Тасқала ауылы                                                                    23 тамыз  2018 жыл

С.Жақсығұлов ОМ

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында Тасқала аудандық білім бөлімі «Мемлекеттік қызметтер сапасын, қолжетімділігін арттыру және электрондық түрде көрсету әдісін түсіндіру» тақырыбында құқықтық оқыту жүргізді. Оқытуға білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Барлығы 24 адам.

Білім бөлімінің бас маманы Д.Хаирова білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен, оларға енгізілген өзгерістерімен таныстырды. Білім мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртіптері талқыланды: педагог қызметкерлерді аттестаттау, мектепке қабылдау, мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

2018 жылы мектептерде қоғамдық қолжетімділігінің пункттары қойылатын болса, «Мектепке қабылдау» мемлекеттік қызметі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жумагалиевпен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарға қабылдау» мемлекеттік қызметі рәсімін оңтайландыру Жол картасы бойынша жоспарланған жұмыстарымен таныстырды. Сондықтан, «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс істеуге үйрену керегі туралы айтылды.

Оқу жылының басында мемлекеттік қызметтерге жауаптыларды тағайындау, стандартта көрсетілген құжаттардан артық құжаттар талап етпеу, ақпараттық стендтердің болуы және оның қолжетімділігің қамтамасыз ету, ақпараттандыру жұмысын жалғастыру (буклеттер тарату, шаралар ұйымдастыру) туралы айтылды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

Білім бөлімінің басшысы                                          А.Нарымбаев

 

Хатшы                                                                          Д.Хаирова