"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Хабарландыру

Қалалық, аудандық  білім беру бөлімдерінің Ведомствоға бағынысты мекемелер басшыларына

Телефонограмма

ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасында және салалық бағдарламалық құжаттарда белгіленген міндеттерді орындау мақсатында Білім және ғылым министрлігі білім беру саласын қаржыландыру жүйесін дамыту бойынша кешенді жұмыстарды іске асыруда. 

Бүгінгі таңда студенттік жатақханаларда жаңа орындарды енгізудің және білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды ендірудің тетіктері әзірленді. Аталған жобаларды іске асыру жеке меншік сектордың өз қаражатын инвестициялау арқылы ауқымды қатысуын және олардың мемлекет тарапынан ішінара өтелуін талап етеді. Бұл ретте жобаларды іске асыру шеңберінде шығындарды мейілінше азайту, сондай-ақ түсімділікті арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасалады.

Аталған жобаларды қоғам мен өңірдің кәсіпкерлері арасында әрі қарай ақпараттық жылжыту қажеттілігіне байланысты жоғарыда аталған бағдарламалардың операторының сайтына (www.fincenter.kz) өту атқарымы бар тақырыптық баннерлердіжергілікті атқарушы органдарының ақпараттық ресурстарында (облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің, салалық басқармалардың сайттарында) орналастыруды сұраймыз. 

Баннерлерді орналастыру нәтижелері бойынша ақпаратты 2018 жылғы 29 қарашаға дейін беруді сұраймыз.

Қосымша 3 п.

 

Басқарма басшысының орынбасары                       С.Айткалиева

 

А.Жунусова

260427

 

 


КММ «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебін күрделі жөндеуден өткізу»  жұмыс жобасына байланысты «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» (қоршаған ортаны қорғау бөлімінен) қоғамдық тыңдалым 2017 жылдың 22 желтоқсан күні, сағат 15:00-де БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Маметов көшесі 2 мекен-жайында өтетіндігін хабарлайды.


Жобалық-сметалық құжаттың тапсырыс беруші және қоғамдық тыңдалымның ұйымдастырушы – Тасқала аудандық білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Жобалық-сметалық құжаттың бас жобалаушы – жеке мекеме ғылыми зерттеу институты «Транс».

Қоғам өкілдері КММ «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебін күрделі жөндеуден өткізу» жұмыс жобасына өткізілген қоршаған ортаға әсерін бағалау нәтижесімен және пікір сұрау парақтарымен электрондық түрде Тасқала аудандық білім бөлімінің интернет-ресурсының мекен-жайында таныса алады: www.taskalaroo.kz.

Ескертулер мен ұсыныстар келесі электрондық мекен-жай бойынша қабылданады: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.