"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Developed in conjunction with Joomla extensions.

 

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі

1 маусым күні аудан олрталығының Абай алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне «Бала-бақыт бастауы» тақырыбында өнерпаз балалардың шеруі өтті.

Ғылыми жобалар сайысы

Тасқала аудандық білім бөлімінің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары негізінде 23 мамыр күні «Ғылыми-техникалық прогресс», «Экономикалық және әлеуметтік үрдістердің математикалық моделі», «Сау табиғи орта – Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру негізі», «Қазақстан тарихының ескерткіші және болашақтағы туристтік маршруттар» бағыттары бойынша аудандық ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, облысқа жоба жұмысының үздіктері ұсынылды.

Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

2002 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) жұртшылықтың хабардарлығын көтеру және бала еңбегі мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында 12 маусымды Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні деп жарияланып, жыл сайын тойланып келеді.

Тасқала ауданы бойынша білім беру ұйымдарында 2017/2018 оқу жылының аяқталу туралы ақпарат

Ауданның барлық білім беру ұйымдарында 25 мамыр күні «Сыңғырла  соңғы қоңырау» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Мектептер мерекеге сай безендірілді. Салтанатты жиын сап түзеуден басталып, мектеп түлектері ортаға шақырылғаннан кейін ту көтеріліп, мемлекеттік гимн орындалды. Жиынға оқушылар, ата-аналар, зейнеткер ұстаздар, облыстан және ауданнан шақырылған қонқтар,  аудан әкімі мен орынбасарлары, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы партиясы, аудандық білім бөлімі, ауыл округтерінің әкімдері, білім бөлімінің әдіскерлері, аудандық жұмыспен қамту және аудандық мәдениет бөлімдерінің өкілдері, мектеп түлектері мен ардагер-ұстаздар қатысты.

Аудандық желілік қауымдастық жұмысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 20 желтоқсан күні

Аудандық желілік қауымдастықтың жұмысы  бойынша  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында  20 желтоқсан күні Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде  семинар өткізілді. Тақырыбы: «Cабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін бағалауды дұрыс ұйымдастыру». 2,5-сыныптарда үш ашық сабақ берілді және мұғалімдер шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Семинар соңында сабақтарды талдау жүргізілді.

"Әбіш" оқулары

13 желтоқсан күні Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  аудандық Әбіш оқулары өткізілді. Байқау төрт бөлім бойынша жүргізілді. Әр бөлімнен жүлделі үш орын белгіленді.

«Кәсіби тәжірибе – шеберлік шыңдау кепілі»

Дәл осындай тақырыпта аудандық білім бөлімінің жоспарына сай информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын жетілдіру мақсатымен Совхоз мектеп-балабақшасында оқыту семинары өтті.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі»

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2017 жылдың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» өтті.