"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

A- A A+

"Тасқала аудандық білім бөлімі" ММ

ГУ "Таскалинский районный отдел образования"

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Developed in conjunction with Joomla extensions.

 

«Ауылым – алтын бесігім» атты аудандық экологиялық форумы өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты аудандық экологиялық форумы өтті.

Жүлдемен оралды

Қазан айынының 24-і күні Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 гимназияның базасында өткен облыстық «Квант» кәсіби педагогтер байқауы өтті. Облыс бойынша 11 ауданмен қатар ауданымыздың намысын қорғаған физика пәні мұғалімдерінің  басын қосқан байқауда, Тасқалалық ұстаздар тағы да жеңіс тұғырынан көрініп, аудан абыройын асқақтатты.

Ұстаздар күні

 2018 жылдың 29 қыркүйек күні «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған аудандық білім бері қызметкерлерінің ерлер мен әйелдер командалар арасында волейбол турнирі оздырылды.Шараның ашылу салтанатында  

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Биылғы білім беру қызметкерлерінің аудандық Тамыз кеңесі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбымен TED-X жаңа форматында өтті. 

Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы Нарымбаев Асан Маратұлының 2018 жылғы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне арналған

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал»

Қадірлі ұстаздар мен тамыз кеңесіне қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолында білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісі мен сапасын көтерудің негізгі құралы ретінде танылды. Ұлт көшбасшысы анықтап берген сапалы білім берудегі міндеттерді шешуде оқытудың тиімді жүйесін құру мақсатында ауданымызда нақты шаралар жүргізілуде.

Жергілікті бюджет гранты

Білім басқармасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы конкурстық комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырмасы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін жолдайды.

Жазғы демалыс лагерьлері өз жұмыстарын бастады

Ұзақ оқу жылынан кейін оқушылардың денсаулығын бекіту, денесін шынықтыру, күш жинап

2018 жылы жазғы каникул кезеңінде балалардың жұмыспен қамтылуы, сауықтыру демалысын және бос уақытын ұйымдастыру туралы алдын ала мәлімет

Жазғы каникул кезеңіде балалардың сауықтыру демалысын, жұмыспен қамтылуы мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «2016 – 2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» өкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 112 қаулысы және облыстық білім басқамасының 2018 жылғы 5 мамырдағы 376 бұйрығы басшылыққа алынды.